Апиын мен таяқ. Шөл даланы кесіп өту

19.01.2038 7971

“Апиын мен таяқ” – алжирліктер тар жол, тайғақ кешулермен “қаратүнектен таң шапағын қалай алып шыққаны”, азаттық күнінің шығуын қалай армандағаны, соған жету жолында жан қиғандары, теңсіздік, отаршылдық түнегін қалай жек көргендерін баян ететін трагедиялық, лирикалық, ерліктің туындысы іспетті. Мулуд Маммери оқырмандарын бүкіл халық қанды иірімге тап болған алжирлік отаршылдыққа қарсы төңкерістің қаһарман жылдарына алып келеді.

“Шөл даланы кесіп өту” романындағы автордың ойын түрліше бағамдауға болады, шығармадан ойына тамыздық қылатын себептер табатыны да хақ. Бәлкім, бұл ойлар ылғи да көтеріңкі көңіл күйге жетелемеуі де мүмкін, бірақ бар мәселе – Мулуд Маммеридің қанымен жазылып, жанын жай таптырмайтын – төңкеріс немен тынады, дәлірек айтқанда, немен жалғасады деген дүдәмал сұрақта тұр. Құрбандық мехрабы қандай жасампаздықтың іргетасын қаламақ және осы құрбандық шалу кезегі қашан бітеді?  

Бөлісу: