Əдеби жəдігерлер 3 том
«Түрік тілдерінің жинағы (Түрік сөздігі)» — түрік дүниесінің əлемдік ғылым қазынасына қосқан ұлы мұрасы. Үш томдық бұл зерттеу еңбегі күллі түрік тілдерінің тұңғыш əрі аса терең мағыналы ғылыми сипаттамасы. Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы, тіл зергері Махмұт Қашқари «Түрік тілдерінің жинағын» барлық түрік текті ұлыс, тайпаларды аралап жинап, зерттеп, талдап барып жазған. Күллі түрік елдерінің əдебиетіментілінсалыстырмалытүрдезерделептүзіпшыққаналғашқыэнциклопедиялық кітап. Түрік тілінің тұңғыш та, əсте қайталанбайтын бірегей оқулығы.
XI ғасырдың бұл энциклопедиялық терең мазмұнды зерттеуі қазіргі түрік тектес ұлттардың ежелгі мəдениетінде қайта жаңғыру үрдісі жаңа бағыт алған тұста аса қажетті де пайдалы еңбек. Ана тіліміздің, туған əдебиетіміз бен мəдениетіміздің түп негіздері,төл заңдылықтары осы білікті зерттеу беттерінде жан-жақты көрініс тапқан. Қазақ ұлысының жаңа ғылымы да, таным дүниесі де, елдік қағидалары да осындай аталы дəстүрімізден қуат алып, нəр жинауы тиіс.
Бөлісу: