Айлакер идальго Ламанчалық Дон Кихот

19.01.2038 11285

Жазушының есімі – Мигель де Сервантес Сааведра, шығармасының аты – “Айлакер идальго Ламанчалық Дон Кихот” болатын. В.Г.Белинскийдің бейнелі тілімен айтқанда, “адамзат өнеріндегі жаңа дәуір” де, міне, дәл осы кітаптан басталған еді. Кітаптың жарық жарық көргеніне төрт ғасыр толды. Сервантес қатысқан және куә болған сол заманның қанды шайқастары баяғыда ұмтылды, корольдер, қолбасшылар мен саясаткерлер келмеске кетті, бірақ қаламгердің аталмыш шығармасы оқырманды әділдік пен адалдыққа тәрбиелеп, толыққанды тіршілігін әлі жалғастырып келеді. 

Бөлісу: