Қызыл мен қара

19.01.2038 11914

Бұл романға автор “Қызыл мен қара” деген аттың астынан “ХІХ ғасырдың хорникасы” деп қосымша тақырып қойыпты. Осының өзі-ақ көп нәрсені аңғартқандай. Егер аз сөзбен жиынтықтан айтатын болсақ, мұнда ұлы революцияның екпінімен аласталып кетіп, біраз жылдан кейін елдегі билік басына қайта келген монархия тұсындағы француз қоғамының өмірі суреттеледі. Романның басты кейіпкері Жюльен Сорель – балташының баласы, кешегі қара шаруа, өзінің еті тірілігімен жоғары қауымға қарай өрлеген жолында қатты қақтығысқа ұшырап, мерт болады. Бірақ романда оның қасіреті – жеке бастың қайғысы емес, революциядан кейінгі бүкіл қоғам тарихының ауыр дерті болып көрінеді.   

Бөлісу: