Көне романдар мен әңгімелер

19.01.2038 8614

Ахилл татийдің кітабы грек романы қалыптасып қана қоймай, жұрқа кеңінен танымал болған тұста пайда болған еді. Бұл Ахилл татийдің өзіндік позициясынан да байқалады: ол оқырмандарының таныс материалдан жаңа лепті ажыратып, оны бағалай алатындарын назарға ала отырып, грек романының үйреншікті көне соқпағын мысқылдай кетеді. Қайсібір кісілер ол мысқылды түсінбей, оны сол қалпында қабылдауы мүмкін: Ахилл татий шығармасын тым сезімтал жандарға арнаған ғой.

 

Лонгтың “Дафнис және Хлоя” романы жаңа заман оқырмандарының орасан зор қызығушылығын туғызды. Лонг образдарының тілін біраз фоны іспетті қойшы, қой және ауыл тәңірлері суреттелетін Еуропа романының тіліне аударғысы келген.


Лукиан – көне дәуірдің аса көрнекті ойшылы, атеист, сықақшысы. Шыққан тегі бойынша – сириялық, өз шығармаларының тілі бойынша –грек және Рим империясының азаматы.

Лукиан туралы бізге белгілі жайттардың бәрін де біз оның өз шығармаларындағы кездейсоқ емеуріннен біліп отырмыз. Замандастары оның есімін атай бермейді. Византия компиляторы Свидтің (Х ғ.) сөздігінен өте шағын мақаланың мазмұны аңыз сияқты мөлшермен жазылады, мақала тәңірге тіл тигізуші Лукианның өлген соң мәңгілік жан азабын тартып жатқанын зор сеніммен жазады.

 

Апулейді адамгершілік жағынан басқа тағдыр проблемасы да қызықтырады. Автордың ойынша, сезімтал адам өзіне еш кінәсіз соққы беретін тағдырдың жетегінде жүреді.

Апулейде баяндау желісін үзіп тастап, кірістіріп жіберетін қосалқы новеллалар беріледі. Олар оқып отырған кісінің көңілін бөлу немесе орта жолда бөгде әңгімеге қызықтыру үшін емес негізгі мақсатты шешуге септігі тиюі үшін қолданады.

Бөлісу: