Құм жағалаудың капитандары
19.01.2038
8933
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап әлем назары әлемдік әдебиеттің кіндігі саналып келген Кәрі құрлық –Еуропадан Латын Америкасына ауды. Латын Америкасы елдері әдебиетінің көрнекті өкілдері: бразиялық Ж.Амаду, мексикалық К.Фуэнтес, кубалық А.Карпентьер, аргентиналық Х.Кортасар, гватемалалық М.астуриас, перуандық М.Варгас Льоса, колумбиялық Г.Маркес, Р.Бастос, т.б. туындылары – төлтума әдебиет қана емес, универсалды құндылығы бар, жалпыға бірдей эстетеикалық феноменге айналды. “Біз бәріміз бірігіп Латын америкасы адамы туралы үлкен роман жазудамыз” дейді Г.Маркес өз қаламдастарымен көркемдік әлем бірегейліктерін еске ала отырып.
Бөлісу: