Таңдамалы

19.01.2038 7013
Ғабдулла  Тоқай (1886-1913) - ақын, әдебиет сыншысы, публицист, жаңа татар әдебиетінің көшбасшысы, қазіргі татар тілінің негізін салушы. Ой-өрісінің биіктігі және ерекше таланты оны ХХ ғасырдың басындағы үлкен суреткер дәрежесінде танытты. Өзінің романтикалық және реалистік сипаттағы өлендерінде ол азамат ақынның биік парызын, әйел теңдігін, туған жерге деген сүйіспеншілікті, азаттық пен еркіндікті жырлады. Сатиралық және публицистикалық туындыларында өмір шындығын, әлеуметтік тұрмыс мешеулігін сынға салды. Қысқа ғұмыр кешкен ақынның соңында аса зор рухани мұра қалды. Оның қаламынан туған "Шурале" поэма-ертегісі және "Бостандық туралы", "Уа, қалам!", "Татар тойларына", "Кетпейміз" т.б. өлеңдері өршіл рух, асқақ пафоспен өрнектелген. 
Қазақ оқырмандарына ұсынылып отырған Ғабдулла Тоқайдың таңдамалы өлеңдерін тәржімалаған - қазақтың көрнекті ақыны Кадыр Мырзалиев.  

Бөлісу: