Жүгері адамдар Дауыл
19.01.2038
6417
"Жүгері адамдар" - белгілі гватемала жазушысы, Нобель сыйлығы (1967 ж.) мен "Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқандары үшін" халықаралық Лениндік сыйлықтың (1966 ж.) лауреаты Мигель Анхель Астуриастың ең әйгілі әрі мейлінше кең тараған романдарының бірі. Жазушының бұл романының өзегі - қарапайым үндістің ой-сезімі мен түйсік әлемінің өзіне жат, солтүстік американдық өркениетпен қақтығысы. Бұл әлімдік автор Гватемаланы мекендеген ежелгі үндіс тайпаларына тән мифологиялық сана-сезімнің көркем үлгісі ретінде тамаша кескіндейді.
Астуриастың "Дауыл" атты екінші бір романы "Жасыл Папа" (немесе "Жасыл Қазырет" - бұл Рим Папасының антиподы есепті атау) және "Көрдегілердің көздері" романдарымен бірге оның әйгілі "банан трилогиясы" құрайды.
Қазақ оқырманының назарына ұсынылып отырған "Жүгері адамдар" мен "Дауыл" романдыры латынамерикан әдебиетінің хас шебері М.А.Астуриастың бірегей шығармашылық мәнері мен ерекшеліктерінен хабардар ететіні сөзсіз.
Бөлісу: