Найзағайлы жылдар жаңғырығы

19.01.2038 6353

Жинақта монғол жазушыларының шығармалары түп нұсқадан тікелей тәржімаланған түрінде тұңғыш рет ұсынылып отыр. Олай деуіміздің себебі, кеңес тұсында монғол жазушыларының туындылары орыс тілі арқылы ғана қазақшаға бірер рет аударылғаны болмаса, киіз туырлықты осы ағайындарымыздың төл әдебиетімен қазақ оқырман қауымы етене таныс емес.

Мұнда енгізілген саны жиырмадан ғана асатын прозалық туынды елдің бүкіл әдебиетінің бет-бейнесін толық айғақтамаса да, түбі бір, сана-сезімі ұқсас қазақ оқырмандарын баурап аларына, жүректерінен жол табарына сенімдіміз. Аударманың тілі шұрайлы әрі тартымды.  

Бөлісу: