Жеті жарғы - мемлекет және құқық ескерткіші

19.01.2038 9670

Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл еңбек қазақ мемлекеттiлiгi мен құқықтық жүйелерiнiң дамуында ерекше орын алатын «Жетi жарғы» ескерткiшiне арналған. Автор мол тарихи-этнографиялық деректердi пайдалана отырып қазақ ғылымында алғаш рет «Жетi жарғы» ұғымына негiз болған әдет-ғұрып заңдары мен ережелерiн жинақтады. Бұл еңбекте қазақ мемлекетiнiң хандық дәуiрдегi басқару жүйесi және оның құрылымындағы «Жетi жарғы» кеңесiнiң қызметi, маңызы көрсетiлген. Автор дәстүрлi мемлекет және құқық ережелерi турасында қолданысқа түсе бермейтiн тың деректер мен пайымдауларды енгiздi.

Кiтап қалың оқырман қауымға, соның iшiнде гуманитарлық мамандықтарда оқитын студенттерге арналады. Сонымен қатар «Жетi жарғы» – мемлекеттiк қызметте және құқықтану саласында еңбек iстеп жүрген тал-ғамды, зерек азаматтардың қайсысын да болса қызықтырады деп сенемiз.

Бөлісу: