Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады

19.01.2038 9166

Тәуелсіздікті алғаннан оны ұстап қалу, өрістету қашан да қиын. Сондықтан да қолдарыңызға тиген бұл кітапта ел Тәуелсіздігінің елең-алаңындағы адамдар тағдырын, мемлекетіміздің апыл-тапыл басқан қадамын әсерлі баяндайтын мақалалар енгізілген. Сондай-ақ, кітап авторы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін екі жарым жылын темір тордың арғы жағында өткізіп келгендіктен Тәуелсіздік атты ұлы ұғымды жастар қозғалысымен сабақтастыра отырып белгілі тұлғалармен сұхбат құрады, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында ой қозғайды, «Тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматы қаласы» жайында өзі байқаған жәйіттерді әңгіме етеді.

Кітап жоғары сынып оқушыларына, студент және жұмысшы жастарға, сонымен қатар жалпы көпшілікке арналған.

Бөлісу: