Көп томдық шығармалар жинағы 10 том

19.01.2038 7824
Ғалым, əдебиет сыншысы, драматург Қайым Мұхамедхановтың көптомдық шығармалар жинағының оныншы томына 1951 жылы Қазақстан Ғылым академиясы Жоғарғы аттестаттау комиссиясында «Абайдың əдебиет мектебі» тақырыбында қорғалған диссертацияның стенограммасы, Қ. Мұхамедхановтың диссертациясына берілген ғалымдардың пікірі жəне 1951 жылы маусымда Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын оқып-үйрену жөніндегі пікірталас материалдары берілген.

Қайым Мұхамедхановтың тар жол, тайғақ кешуден өткен қилы тағдыры жөнінде сыр шертетін мұрағат материалдарының көшірмелері беріліп отыр. Көп жылдар бойы ашық айтылмай келген Қ. Мұхамедхановтың тағдыры таразының басына түсіп тұрғанда, өз ұстанымынан таймаған қайсар ғалымның өмірі кімге болса да үлгі.

Бөлісу: