Ұраным – Алаш!.. Талқы 3 том

19.01.2038 12121

Жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – Алаш!..» атты түрме əфсанасының «Талқы» атты бұл үшінші кітабы – «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің 71 қайраткерінің үстінен 1927- 1932 жəне 1937-1938 жылдары жүргізілген тергеу ісінің негізінде жазылған «Жегі», «Тез» бөлімдерінің заңды жалғасы жəне қорытынды əфсанасы болып табылады. «Талқыда» – жазушы-ғалым Мұхтар Əуезовтің қырық жылға созылған қудаланды (1917-1961) өмірі мен шығармашылық тағдыры, тұлғалар талқысы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің архивіндегі «аса құпия құжаттармен», сирек деректермен, өзара жазысқан хаттармен жарыстырыла талданып, кеңестік жазалау жүйесінің рухани тəуелділікке жүгіндіру мақсатында жүргізілген идеологиялық қысым саясатын жүйелі түрде талдайды.

Қазақтың ұлттық Біртұтас Алаш идеясын тұңғыш рет тұжырымдай жүйелеп берген «Ұраным – Алаш!..» атты үш кітаптан тұратын бұл іргелі зерттеу – Алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі де толымды əфсана болып табылады.

Бөлісу: