Өлеңсөз Қазақ өлеңі хақында

19.01.2038 6821
Қазақ əдебиетінде қырық жылға жуық қаламын суытпай екпінді еңбектеніп келе жатқан əдебиет сыншысының «Өлеңсөз» аталатын бұл кітабына соңғы жылдары поэзия жанры жайында жазған көркем əдеби сын мақалалары топтастырылған. «Дарын даралығы» аталатын бірінші бөлімі – С.Торайғырұлы, Ə.Тəжібайұлы, С.Мəуленұлы, Қ.Шаңғытбаев, Т.Бердияров, Ғ.Балақадырұлы, Қ.Мырза Əлі, С.Жиенбаев, Қ.Ыдырысов, Ə.Дүйсембиев, Ө.Нұрғалиев, Т.Медетбек, Ж.Ерман, сынды əр буын қазақ ақындары шығармашылық портреті. «Жанр жаңалығы» аталатын екінші бөлімі – бүгінгі қазақ поэзиясы проблемалық мəселелеріне арналған: «Абай мен Есенин жағасына жармаспай- ақ...», «Қазақ поэзиясының дəулеткері», «Күлкі сыры мен сымбаты», «Көзайым», «Қолжазбадан кітапқа немесе жабық рецензияның ашық сипаты», «Бір өлең», «Фотоөнер тұтқыны» жəне қос Қадыр», «Мейірімсіз қара жер сөзіме менің қарашы...», «Өсер жасқа өріс кең» секілді толғақты мақалалардан тұрады.

Түгелімен қазақ поэзиясына – жанры, өсу-өркені, тұлғасы, даму эволюциясына арналған сын кітабының жұлын-жүйкесі тұтас, тілі көркем, пікірі салауатты, талдауы парасатты.

Бөлісу: