Көне түркі жəне қазақ жазба əдеби мұралары 5 том

19.01.2038 8469
«Қазақ қолжазбалары» (б.д.д. ІХ ғ. бастап – ХХ ғ. дейін) атты 10 томдық басылымның V-VI томына көне түркі тілінде VІІІ-ІХ ғасыр аралығында хатқа түскен, ғылымда «Майтри Симит Ном Бітік» деген атпен белгілі пұт мінажаты туралы жəдігердің 1959 жылы Шығыс Түркістанның Құмыл (Хами) аймағынан табылған, 1067 жылы көшірілген «Құмыл» нұсқасы (бұдан басқа қолжазбаның Тұрфан, Күсəн жəне Тохар тіліндегі нұсқалары бар) енгізіліді. Қолжазба 27 тараудан (бөлім), 293 парақ, 586 беттен тұрады. Түркі жазба əдебиетінің төлбасының бірі болып табылатын көне мұра тұңғыш рет ана тілімізде ғылыми айналымға түсіп, қазақ оқырмандарының назарына ұсынылып отыр.

Басылымның бұл V томына көне қолжазбаның Кіріспесі мен алдыңғы 4 тарауының фак- симлиясы, түпнұсқа мəтінінің халықаралық ғылыми ортада қабылданған ережеге сəйкес ла- тын қарпіне түсірілген транскрипциясы жəне оның қазіргі қазақ тіліне аударылған жолма-жол тəржімасы мен еркін аудармасы енгізіліп отыр.

Сонымен қатар көне түркі тілінің мəтініне қатысты алғысөз бен ғылыми сипаттамалар, түсініктер мен сілтемелер берілген.

Бөлісу: