Жүз әңгіме: Таңдамалы әңгімелер 1 том

19.01.2038 37137
Шеберліктің шекарасы жоқ. Ол жетіп болмайтын, жұріп бітпейтін ұзақ жол. Ізденімпаз, үнемі жетілуге бейім өнер адамы, сөз зергері әлгі айтқан ұзақ жолда - жетуді мақсат еткен жолаушыдай - өмірдің қилы кезеңінде адам мінезінің теңізінен жауһар тереді. Бір - біріне ұқсамайтын тағдырлар тоғысында жүректі дір еткізер тербеністі сәтті тап бастады. Көркемсөз шебері Дүкенбай Досжанның 19 жасында жазған "Көкпар" әңгімесінен бастап жақында ғана туған "Суретші" , "Виртуозаға" дейін - жарты ғасырлық уақытты қамтиды. Адам жанының бір - біріне еш ұқсамайтын тереңіне үңіледі, өзгеру, жетілу қалыбын таразылайды. Сөздің ішіне түсіп жазады, дүниені суретпен көреді. Уақыт сынынан өткен, өткен ғасырдың 60-70 жылдары жазылған "Жылы жауын", "Келіншек асу", "Нәресте", "Көз" атты бір шоғыр таңдамалы әңгімелері бірінші томды құрайды.

Бөлісу: