Жүз әңгіме: Таңдамалы әңгімелер 2 том

19.01.2038 18005
Бұл күнде 70 жастың асуына шыққан Дүкенбай Досжанның «Ел көп оқылатын жазушы» деген мәртебесі бар. Ерекшелігі: дүниені суретпен, тек қана өзіндік бояу-белгімен көреді. Тірі сөзбен сурет салады. Өзіне тән сөз саптау, сөйлем құру машығы бар. Әбіш Кекілбаевтің жазуынша: «Қазіргі заман прозасының деңгейінде шеберлік мектебінен өткен, сөздің ішіне түсіп жазатын қазбагер қаламгер». Өмірдің ащы-тұщысын жүз құлаштық шыңыраудан су тартқандай – адам жүрегінің түп тереңінен саумала, ой мен оқиғаны бір регистрде, бір пернеде ұштастырып саз құяды. Өмірді сөздің суреті арқылы сезіну – суреткердің күретамыр ерекшелігі. Уақыт сынынан өткен «Папирустағы жыр», «Динозавр», «Шоқанның қабірі», «Дон Кихот», «Билік дәлізі» атты әңгіме-маржандары екінші томның ажарын ашады.

Бөлісу: