Өмір өткелдері

19.01.2038 11341
Бұл кітапқа өмірден ерте өткен қарымды қаламгер Шайхан Жандаевтың қаламынан туындаған деректі хикаяттары мен мазмұнды ойға толы әңгімелері топтастырылған. Мұндағы “Жауырыны жерге тимеген” деп аталған хикаятта қазақтың атақты балуаны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықтық күрес федерациясының президенті болған Әбілсейіт Айхановтың күрестегі өмір жолы, туып - өскен ортасы, бай спорттық өмірбаяны, ұлттық күрес өнерін дамытудағы ой- пікірлері балуанның өз аузынан баяндалады. Жинаққа енген өзге шығармаларында да автор өз ұлтының жетістігіне мақтанып, кемшілігіне жаны ауыратынын анық байқатып, тебірене сыр шертеді.

Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

Бөлісу: