Алматыда күн ашық

19.01.2038 8009

Белгiлi жазушы Эрнест Төрехановтың «Алматыда күн ашық» романының 2-кiтабында тәуелсiздiк жылдарында өмiр сүрiп отырған қазақ зиялы қауымының бастан кешкен оқиғалары, нарық заманының бергендерi мен алғандары, ұлттық мүдде мен жекеменшiк мүддесiнiң қым-қиғаш тартыстары суреттеледi.

Бiр жағынан, Э.Төрехановтың бұл романын Қазақстанның тәуелсiздiгiне арналған эпикалық шығарма ретiнде бағалауға болады. Әрине, бiздiң тарихымызда тәуелсiздiк жолы қилы-қилы кезеңдердi бастан өткiздi. Роман кейiпкерлерi Елен, Аламан, Бораш, Дана – осылардың бәрi де коммунистiк идеологияның құлап, жаңа заманға иек артқан ұрпақтың өкiлдерi қатарында талай тар жол, тайғақ кешулердi бастан өткередi.

Жазушы осылай екi ғасыр тоғысындағы ұлт тағдыры таразыға түскен кезеңдi тарихи шындық аясында суреттеп, қазақ зиялыларының есте қаларлық шыншыл бейнелерiн жасап шыққан. Роман кейiпкерлерiнiң бiразы жастары ұлғайып, «базардан қайтар шағында» да бүгiнгi бақытты, мағыналы, еркiн өмiр үшiн ғана емес, жас ұрпақтың жарқын келешегi, ертеңi үшiн болып жатқан күрес-әрекеттердiң ортасында жүредi.

Эрнест Төреханов романының оптимистiк шуақты әуенiн де осы төңiректен табуға болады.

Бөлісу: