Үлпілдек

19.01.2038 11092
«Үлпілдек» роман-тәмсілі заман көшінен қалып бара жатқан адамдардың жантәсілімін шынайы бейнелейді. Дүниенің бір шеңберден жазбайтын айналысына салып қарағанда, оларға үміт жібі үнемі тасталып отырады. Шығарманың пәлсапалық астары осылайша өмір мен өлім арасындағы мәңгілік жалғастықты іздеуден ашылады. Дәстүрлі әдебиет стилі мен жаңашыл үрдісті шебер ұштастырған шығарма өзгеше өріммен өрілген. Жинақтағы «Өлікөл» хикаяты да осы сарынмен үндес, онда да кейіпкерлер қаншалықты жан төзгісіз қиын тағдырды бастан өткерсе де үмітсіздіктен үміт басым тұрады.

Бөлісу: