Депутат отыр партада

19.01.2038 7613

Әдебиет атты әулиедей атаның  бiр ұрпағы – сатира мен юмор. Бұл жанрға қалам тербеп жүрген қаракөз қыздарымыз некенсаяқ. Осы тұрғыдан келгенде Үмiт Зұлхарова – сатираның сайдағы

тасын өрге қарай домалатып жүрген, езуiңе күлкi үйiрер әзiлсықақтары оқырманның ыстық ықыласына бөленген жас сықақшы. Оның “Депутат отыр партада...” атты сатиралық жинағы бүгiнгi қоғамның бет-бейнесiн астарлы да уытты сатира тiлiмен шынайы суреттейдi.

Кiтап күлкi сүйер күллi оқырманға арналған.

Бөлісу: