Күнделік сөйлейді

19.01.2038 7233
Ұлтының сөзін ұстаған, мемлекетшіл тұлғаның бұл кітабына кеінгі жылдары жазған күнделіктері енгізіліп отыр. Бұдан бұрын «Ел тағдыры – ер тағдыры», «Күндерімнің куәсі» деген атпен жарияланған күнделіктерді жұртшылық тарапынан жылы қабылданған болатын. Қай қаламгердің болмасын күнделігін оқып отырып, оның өмір өткелдерін, сол сәттегі көлеңкесіз көңілін, қуанышы мен мұңын, сағынышы мен сезімін көз алдыңызға әкелетініңіз анық. Жолдасбеков күнделігінің ерекшелігі – тәуелсіз мемлекетіміз бен замандастарымыздың өсу, қалыптасу жлдарын тайға таңба басқандай көрсетіп береді. Күнделіктер 2004 – 2012 жылдар аралығындағы тағдырлы да тағылымды кезеңді бейнелейді.

Бөлісу: