Әулиекөл әуендері

19.01.2038 5427
Ақын Қуанышбайұлы Құрманғали оқырман қауымға өзінің ойлы да өрнекті жырларымен кеңінен таныс. Шығармашылығы өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының ортасынан бастау алатын ақынның өлеңдері қазақ баспасөзінің беттерінде үздіксіз жарияланып келеді. Талғампаз оқырман қауымның көңіліне сыршылдығымен ұялаған автордың жыр шумақтары өзіндік өрнегімен ойды оятып, сезімді шуаққа бөлейді.
Мерейтойлық басылымға ақынның әр кезеңде жарық көрген кітаптарына енген ең таңдаулы туындылары мен қаламдастары – қатарластары жайлы әдеби портреттер іріктеліп беріліп отыр.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Бөлісу: