Еуразия коды Бесінші өркениет қарсаңында

19.01.2038 6787
Бұл басылымда Христофор Колумб заманында жаңсақ түйінделген байырғы америкалық «үндістердің» түпкі тегі о баста Жаңа Әлемге Еуразия кіндігіндегі Алтайдан келіп қоныстанған прототүріктер екендігі, ғылымда қалыптасып қалған еуроцентристік сыңаржақ әрі шындыққа жанаспайтын ескі көзқарастан тазартылып, әлемде соңғы бес ғасыр бойы үзбей жүргізіліп келе жатқан антропологиялық, археологиялық, палеонтологиялық, генетикалық және лингвистикалық зерттеулерден сүзіп алынған бұлтартпайтын айғақтардың негізінде жан-жақты дәлелденеді.

Кітаптың өзегі де, арқауы да, бас кейіпкері де — Еуразия. Автор Еуразияның өткеніне терең бойлап, нақты ғылыми дәйектермен қатар қисынды гипотезалар мен футуристік ой-пікірлерді де назардан шет қалдырмай, Еуразия жүрегінде орналасқан әрі болашақ өркениет қарсаңында тұрған Еліміздің жарқын болашағына да батыл барлау жасайды.

Бөлісу: