Бір сәт және бүкіл ғұмыр

19.01.2038 6417

Белгілі журналист Бейбіт Құсанбектің теледидардағы ғұмыры оқиғаларға, жаны жарқын жақсы азаматтармен кездесулерге толы болды. Ол өзі сұхбаттасқан, араласқан әр адамның жан дүниесін терең түсінді.

Шамның жарығы айналасын нұрландырып, сәулесімен төңірегін шапағатқа бөлесе, Бейбіт бейнесі де мол шуағымен, толайым бейнетімен қымбат. Ол жасаған хабарларда рух биіктігі, халық қамы, ел бірлігі, оның шын ниеті мен жүрек сыры көрініп тұратын. «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» хабары да – отандық телеарнаның «Алтын қорында» сақталып, теледидар арқылы сан мәрте көрсетіліп жүрген жобалардың бірі. Бұл кітапта сол хабарлардың бірқатары қағаз бетіне түсіріліп, оқырман қауымға жол тартып отыр. 

Бөлісу: