Солай болған

19.01.2038 5898

«Солай болған» атты Қазақстан журналистерінің естеліктер сериясының алғашқы ұжымдық жинағы ұшқыр қалам иелерінің кәсіби мерекесіне орайластырып шығарылып отыр. Журналистердің күнделікті қызметі қашанда қоғам өмірімен, ел-жұрттың тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты екені баршаға белгілі. Сіздер оқырман немесе көрермен ретінде газет-журналдар мен ғаламтор сайттарын парақтап, телевизия мен радио арналарды ұдайы тыңдай отырып, әлемдегі және елдегі соңғы жаңалықтардан құлағдар болып, журналистердің күнделікті қажырлы еңбегіне куә болып келесіздер.

Ал қолдарыңыздағы жинақ ақпарат айдынында әрдайым алғы шепте жүретін қалам иелерінің кәсіби қызметі барысында бастан кешкен әрі бұқара назарынан тыс қалған қызықты оқиғалары мен хикаяларына ортақтасып, журналистика саласының ішкі тірлігіне үңілуге шақырады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Бөлісу: