Көне дүние күмбірі
19.01.2038
6158
Профессор Болат Сарыбаев – қазақтың аспаптану ғылымының негізін қалаған, дәстүрлі музыкамыздың дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға. Ол ХХ ғасырда еуропалық жанрлар үлгісінде дамыған қазақтың кәсіби музыкасына көне музыкалық аспаптарды жаңғырту арқылы байырғы заманның, яғни бабалар үнінің асқақ рухын енгізді.
Бұл күндерде республикамыздың барлық өңірлерінде Болат Сарыбаев зерттеп, жаңғыртқан аспаптар кеңінен пайдаланылуда. Солардың бірі – халқымыздың көнеден жеткен музыкалық аспабы – үш ішекті домбыра. Қолыңыздағы кітаптың мақсаты – осы үш ішекті домбыраны арқау ете отырып, ғалым еңбектеріндегі үлгілік қасиеттерді айқындау және оның қоғамдағы алатын орнын айшықтау болып табылады.
Бөлісу: