Сексеуілдің шоғы

19.01.2038 7182

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ө.Яшүкірқызының  бұрын “Айна көңіл”, “Боямасыз өмір” атты жинақтары жарық көрген. Оқырмандарға ұсынылып  отырған бұл өлеңдер жинағы  бірнеше бөлімдерге топтастырылған. Сарарқада жаңа бой көтерген сәулетті Астананың көркем келбеті, жаңа тәуелсіз мемлекетіміздің  өркениеті, адамдар арасындағы  достық, махаббат хикаяттары т. б. туған жер,  ауыл тақырыптары суретті, айшықты. Махаббат, сүйіспеншілік сезімге құрылған таза лирикалық  шумақтары оқырмандарын еріксіз тартады. Мұнда сексеуілдің шоғындай қызулық жатса, сатира мен сықақ, юмор бөлімінде  қызыл  шоқтай жанды қаритын   өткір тілді байқауға болады. Кітапта  өлеңмен өрнектелген  бейнелі ойлар жеткілікті. Суреткерлік бояулары да қанық.

Бөлісу: