Арманымның бейнесі

19.01.2038 11862

Қазақ поэзиясының жаңа толқыны қатарындағы ақын Қалқаман Сариннің өлеңдері шынайылығымен, өзіндік мәнерімен ерекшеленеді. Бұл тұңғыш жыр жинағына енген туындылары Алла есіміне айтылар мадақтан басталып, ар-ұят, иман, адамгершілік, махаббат, туған ауыл, ел мен жер тақырыптарын қамтыған. Айтарын жыр тілімен айшықтап айта білетін ақынның өз табиғатына тән сабыр мен тереңдік, сырбаздық пен ізеттілік өлеңдеріне де мінез болып көшкен. Жас қаламгердің поэтикалық кеңістігі өзіндік бояу, астарлы ой, риясыз сезімге толы.

Жыр жинағы оқырмандар жүрегіне жол табарына сенімдіміз.

Бөлісу: