Қазақстан архитектурасы 7 том

19.01.2038 7133
Ғалым А.И. Кастаньенің жазбалары енгізілген бұл кітапта – көне дәуірлердегі тарихи жәдігерлердің құрылысы, архитектуралық жағы өзінің өн бойына тұнып тұрған тарихи оқиғаларымен байланыстырылып суреттелсе, сәулетші-ғалым Б.А. Глаудиновтың ғылыми мақалалары қамтылған бөлімінде – кеңестік Қазақстанның әртүрлі қалаларында бой көтерген қоғамдық, өнеркәсіптік ғимараттар мен нысандардың салынуы, 1930–1961 жылдардағы архитектураның даму тарихы сөз болады. Қазақстан архитектурасының жеткен жетістіктері мен даму мүмкіндіктері баяндалады.
Кітап сәулет және құрылыс саласының мамандары мен ізденушілеріне арналады.

Бөлісу: