Қазақтың тазалық мәдениеті
19.01.2038
10996
Бұл – қорланып, қоюланып жеткен қазақтың дəстүрлі тазалық мəдениетінің жəдігері. Тазалықты əуелден денсаулық кепілі деп білген қазақ халқы оның тəн тазалығын сақтаумен бірге салт-дəстүрлер мен, жол-жосындармен, исламдық қағидалармен сабақтасатын жан, қан жəне рух тазалығына да ерекше көңіл бөлген. Қолдарыңызға ұсынылар жинақта ұлт пен отбасы тазалығы, тəн жəне қан тазалығы, күнделікті қолданылатын тұрмыстық мүліктердің тазалық рөлі, діни сенім тұрғысындағы жан тазалығы мен əрісі рухани пəктікті кепілдендірер тазалық таразыланады. Қазақтың тазалық мəдениетінің тамыры терең де екендігіне осы кітапты оқи отырып көз жеткізесіз.
Бөлісу: