Әнуар Молдабеков

19.01.2038 10317
Әнуар Молдабеков – ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ өнерінің биігіне жарқ етіп бірден көтерілген дара тұлға. Ол 1960-80-жылдардағы Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында – саналуан спектакльдерде және де бұрынғы КСРО республикаларындағы киноөнер ордалары – «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» т. б. киностудияларда түсірілген киношығармаларда басты рөлдерді ойнап, айрықша көзге түсті. Ә. Молдабеков – туа біткен талант еді. Бұл фотоальбомда қазақ сахна және кино өнерінің дара тұлғасы, ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Әнуар Молдабековтің өмірі мен өнер жолы, адами болмысы фотобейнелер арқылы қамтылған. Бұл басылым халқымыздың сахна және кино өнерін зерттеушілерге, оқу ордаларына, жалпы, өнер сүйер қалың оқырман қауымға арналады.

Бөлісу: