Құныскерей
19.01.2038
10698
Құныскерей Қожахмет баласы Гурьев, бүгінгі Атырау облысына қарасты Тайсойған өңірінде туып-өскен. Совет өкіметіне ашық қарсы шығып, қол бастап, соңына жүздеген жасақ ертпегенімен, Құныскерей банды атанып, жеті-сегіз жыл қуғында, азды-көпті қантөгісте жүрген. Роман мазмұны біржақты емес, кешегі мен бүгінгіні, ескі мен жаңаны салыстыра отырып, қилы-қилы шегіністерге барады, сан алуан «тар жол тайғақ кешуді» сараптап, електен өткізеді. Стиль ерекшелігі, тіл байлығы көлемді шығарманы көріктендіріп тұр. Роман желісі тартымды, жеңіл оқылады, жазушы жергілікті жерді, оқиғаның шиеленіскен тұстарын ерекше сипаттайды. Автордың бұл романды жазуда көп ізденгені шығармадағы шым-шытырық оқиғалардан байқалады.
Бөлісу: