Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы 4 том

19.01.2038 9502
Өлке қаламгерлерінің шығармаларынан мағұлымат беретін «Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы» сериясының 50 томдығы Маңғыстау облысының құрылғанына - 40, Ақтау қаласына 50 жыл толуына арналып шығарылып отыр.

Бұл томға көрнекті дін ғұламасы, ақын, шежіреші Ыбырайым ахун Құлбайұлының 1994 жылы Ақтөбе қаласында жарық көрген «Алтынды орда қонған жер» кітабының түзетіліп, толықтырылған екінші басылымынан (Алматы, «Жазушы», 2012) алынған «Шежіре» дастаны, Сүгір жырау Бегендікұлының шығармалары оның 1994 жылы Жаңаөзен қаласынан шығарылған «Ауылға Сүгір келді деп» кітабынан, ақын, сазгер Мұрат Өскенбаевтың шығармалары оның 1986 жылы «Жазушы» баспасынан шығарылған «Аманат» кітабынан, қалың оқырманға бұрын белгісіз болып келген жырау Жанұзақ Сүгірұлының алаша Дәмеш қызбен айтысы өлкетанушы ақын Айтуар Өтегеновтың авторлығымен 2012 жылы жарияланған «Алтын орда» (№»19, 12.05.2011), «Үш қоңыр»( №40-42, 2011) газеттерінен, Зәкария Сағындықұлы шығармалары жазушы Жұмабай Құлиевтың жеке мұрағатынан алынды.

Бөлісу: