Жансезім

19.01.2038 7095
«Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестінінің мүшесі Асылбек Жаңбырбайдың «Жансезім» атты өлеңдер жинағы.  Ақынның өлеңдер топтамасы «Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту» (2006ж.), «Жастар жырлайды» (2013ж.), «Маңғыстау мақамдары» (2013ж.) жинақтарына енген және республикалық газет-журналдарда жарияланған. Ер Шотанның 300 жылдығына (2005ж.), Сүйінғара батырдың 250 жылдығына (2006ж.) арналған мүшәйралардың, «Каспий – достық теңізі» (2006ж.), «Маңғыстау жұлдыздары» (2008ж.) фестивальдерінің, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің «Жас Тұлпар» байқауының (2009ж.) жеңімпазы. Шымкент қаласында өткен жас қаламгерлердің республикалық II форумына (2009ж.) қатысып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің арнайы грант-жүлдесімен марапатталған. «Жансусар» (2008ж.) атты жыр кітабының авторы.

Бөлісу: