Ағынан жарылсақ...

19.01.2038 6813

 

«Айқын» газеті бас редакторының орынбасары, бірнеше кітаптың авторы Ермахан Шайхыұлының «Ағынан жарылсақ...» атты жинағына 2004 – 2011 жылдары «Айқын» газетінің «Ақ сөйле» айдары бойынша жарық көрген сұхбаттары топтастырылған. Бұл кітаптың үлкен тарихи жүк көтеріп тұрғанын айту керек.
 
 
Ашық та байсалды əңгімелерден замана запыраны, қоғам қайшылығы, шындық үні тұрақты түрде қылаң беріп отырады. Бос сөз, бостекі əңгіме емес, көбісі уақытпен тығыз үндескен тақырыптар. Əр сұхбат берушінің өмірге, өзі өмір сүріп отырған кезеңге деген көзқарасы мен таным-түсінігін көзі қарақты оқырман жазбай таниды. Таразы басына салып ой салмақтауға таптырмайтын жинақ. Оның үстіне, автор осынша кейіпкердің басын бір кітапқа қосу арқылы ұлы уақыт шежіресін қағазға түсіруге талпынған.
 
 
Кітап көпшілік оқырманға арналады.

 

Бөлісу: