Қазақтың 100 романы

19.01.2038 30160

«Қазақтың жүз романы» анықтамалық кітабы - әдебиеттануымыздағы тың барлаудың бірі. Мұнда жүз жазушының жүз романы қысқаша талданады. Көптеген роман жазған қаламгердің бір-ақ туындысы алынған. Жазушының ғұмыры, шығармашылық жолы туралы қысқаша баяндалады. Бір романның оқиғасы өткен кеңістік, болған уақыты, басты кейіпкерлері, эстетикалық-көркемдік ерекшелігі тұжырымдап айтылады. Қытайда, Монғолияда, Түркияда туған романдар да сөз болады. Кітап студенттерге, әдебиет сүйетін қалың қауымға арналған.

Бөлісу: