Түркі мұрасы және қазіргі қазақ әдебиеті
19.01.2038
6766
Кітапта қазіргі қазақ әдебиетінде көне жазба ескерткіш мәтіндерінің, халық аңыздарының шығарма сюжетіне айналуы сөз болады. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» трилогияларында Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди», т.б. еңбектерде баяндалатын оқиғалардың романдағы сюжетті көрінісі, ондағы тарихилық пен көркемдіктің ара қатынасы пайымдалып, жазушының шеберлік қыры ашылады, көптеген поэмаларда аңыздық желінің қолданылу үдерісі байыпталады. Романдағы Рашид-Ад-Дин сияқты тарихшылар еңбектерінен, «Шайбани-намеден» алынған үзінділер сараланады. Зерттеуде романның сюжеттік желісімен аңыздық және тарихи деректерді салыстыра қарағанда, жазушы екеуін де өз мақсатына жаратқандығы байыпталады.
Бөлісу: