Алаш Орда баспасөзі және Жүсіпбек Аймауытұлы
19.01.2038
9050
Ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалым Нұржан Қуантайұлы қазақтың қазіргі жазба әдебиетінің негізін қалау-шылардың бірі, қазақ әдебиетінің классик жазушысы Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөз шығармашылығын арнайы қарастырады.
Архивтерден қаламгердің бұрын белгісіз болып келген жүзден астам шығармасын, оның ішінде әңгімелері мен көркем очерктерін, фельетондары мен мақалаларын тапқан ғалым осы кітапта Жүсіпбектің көсемсөз мұрасын тұтас шығармашылық жүйеде, бүгінгі көзқарас тұрғысында талдайды. Зерттеуде сондай-ақ жазушының бұрын белгісіз болып келген, баспасөздегі редакторлық қызметтері анықталып, архив құжаттары бойынша өмірбаянының ақтаңдақ тұстары қалыпқа келтірілген.
Кітап филология, журналистика факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ жалпы көпшілік қауымға арналған.
Бөлісу: