Астана - Қазақстанның жүрегі

19.01.2038 7868

Еліміздің бас қаласының, Елбасымыздың қажырлы күш-жігерінің арқасында қанатын кеңге жайып бара жатқан Елорданың кешегісі мен бүгінгісі, оның ертеңгі қадамдары республикаға белгілі фотожурналист, көп жыл Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің жеке фотосуретшісі қызметін атқарып жүрген Шүкір Шахайдың «Астана – Қазақстанның жүрегі» атты фотоальбомында жан-жақты көрсетілген.

Альбом тақырыптарға талғаммен, әрі мазмұндылықпен бөлінген. «Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» деген ұғымды терең аша келіп, еліміздің әр аймағы бойынша суреттерді алға тарта отырып, сол арқылы Елорданың маңыздылығын, алатын орнын, мәртебесін айқындай түседі.

Кітап-альбом көпшілік оқырмандарға арналған.

Бөлісу: