Ұяластар

19.01.2038 7841
«Ұяластар» – жаңа туынды. Жаңашылдығы – онда кешегі кеңестік келеңсіздіктің көлеңкесі жоқ. Таза, қазіргі қазақ елінің төл туындысы.

Олай дейтініміз – белгілі бір идеологияға бағынған, әлдебір саясаттың ығына жығылған шығарма емес. Ол – бүгінгі тәуелсіз де еркін еліміздің өзіндік бедерімен қалыптаса бастаған азаматтарының болмысы мен психологиясын бейнелейтін роман. Қазіргі жағдайдағы қарапайым халықтың қарым-қатынасы, нарықтық жүйеге бейімделуі шынайы суреттелген.

Сондай-ақ, Желтоқсан оқиғасы шығарманың негізгі тіні ретінде әр-әр тұстан жымдасып отырады. Оқиғасы нанымды. Және, туынды – ұлттық сананың жеткіншек ұрпақтың мінез-құлқынан табылуына, жастар ортасында тереңірек бекуіне үндейді.

Бөлісу: