Арман Қала
19.01.2038
8490
Оқырманға ұсынылып отырған «Арман қала» - деп аталатын жинақ бес бөлімнің басын құрайды. Алғашқы бөлімі елордасы – Астана мен жаңа қаладағы жарқын мінездерді жырлайды.
«Сөз туралы сөз» қасиетті көркем сөзді, өлең-жырды мадақтау болса, үшінші бөлім «Жарым, саған арнадым» - махаббат пен кешірім, жүрек жылуы мен адалдыққа арналған. Төртінші бөлімдегі өлеңдер жанына жақын жандарға өрілсе, соңғы бесінші бөлімге «өмір өзенінде» туған толқынды көңіл күйі топтасқан.
Сондай-ақ бұл жинақта ақын Есенғали Раушановтың «Құстар біздің досымыз» атты кітабының әсерінен туған құстарға арналған өлеңдер топтамасы да бар.
Бөлісу: