Ақшаттың суы мөп-мөлдір

19.01.2038 7188
«Ақшаттың суы мөп-мөлдір» – жазушы Серік Үсенұлы Нұғыманның оқырмандарға ұсынып отырған кезекті жинағы. Кітапқа қаламгердің ілгерінді-кейінді жазылған көлемді хикаяттары мен қысқа әңгімелері топтастырылған.

Хикаяттар негізінен жастар махаббатына арналса, оның алдыңғысы қалада оқып жүрген көкөрім студенттердің қым-қуыт тұрмысын терең қаузайды. Ал кейінгісінде ертегідей жайлау өмірін бас кейіпкердің сезім шарпылыстарымен астастыра отырып қатар баяндайды. Түз тынысын жатырқап қалған кейінгі буын өкілінің туған жеріне қайта оралғанда тосын жайларға тап болып, қазақы болмыстың қалыптасуында айырықша орны бар дала тірлігін өзі үшін қайта ашып, оны терең тануға талпынған, қас сұлулыққа сұқтанған қызық кешірмесі қадала суреттеледі.

Кітапқа енген қысқа әңгімелер де негізінен жастар өмірімен сабақтас. Жаңа жинаққа топтастырылған оқиғасы ширақ, тілі шұрайлы шығармалар түгел қалың көпшілікке арналған.

Бөлісу: