Шығыс шайырларының соңы – Шәді ақын

19.01.2038 8393
Бұл кітапта Тәуелсіздік алғанға дейін терең зерттеуге қатаң тыйым салынып, қағажау көріп келген Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтылады.

Сұлтан Шәді Жәңгірұлы – шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағыттағы дәстүрлі тақырыптарды жырлаған Орта Азияға есімі мәшһүр ғұлама шайыр. Келесі жылы ақынның туғанына 160 жыл толғалы отыр.

Автор шәдітанушылардың бүгінге дейін шашырап келген зерттеулері мен пікірлерін қамти отырып, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты кейбір дүдамал деректерге өзіндік көзқарасы мен ой топшылауларын білдіреді.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Бөлісу: