Тұлғалар тағылымы

19.01.2038 7523
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Әділғазы Қайырбековтің «Тұлғалар тағылымы» атты кітабына оның көп жылдар бойы Алматыдағы «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің Мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінде» қызмет істей жүріп жазған, қазақ әдебиетінің алыптарының өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұралары, құнды жәдігерліктері, т.б. туралы ғылыми-зерттеу мақалалары, эсселері, ой-толғамдары, сыр-сұхбаттары топтастырылған. Ұлттық әдебиетіміздің тарихында өшпейтін із қалдырған, халықтың жүрегінен берік орын тапқан қос қаламгердің қоғамдық-әлеуметтік, жазушылық-азаматтық тұлғалары жан-жақты ашылады. Олардың соңдарында қалдырған мұраларының көркемдік, тағылымдық, өнегелік сипаттары сараланады.

Кітап әдебиет әлеміне ынтызар, көркем туынды табиғатына, қаламгерлердің өскен ортасы мен өмірдегі тыныс-тіршілігін білмекке құмар қалың оқырман қауымға, ұстаздар мен шәкірттерге арналған.

Бөлісу: