Өмiрдiң өзi – театр

19.01.2038 18622
Театр, кино, жалпы өнер саласында тамаша талантты тарландарымыз болды.Қазiр де бар. Солардың сахна сыртындағы, күнделiктi өмiрдегi, қоғамдағы өнегелi iстерi, айтқан әңгiмелерi, ғажайып тiрлiктерi айтқан-айтқан жерiнде қалып жататыны қџпия емес. Мџндайға келгенде салғырт екенiмiз де шындық. Көрер көзге асыл дүниелерiмiздi әр жерде қалдырып жүре беремiз. Жинақтап, сараптап, зерделеп мџраға айналдыруды тым кеш ойланамыз. Қасымызда жүрген кемеңгерлердi көрмеймiз, саңлақтарды сезбеймiз, ақиық өнер иелерiн аңғармаймыз.
Қазақстанның халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, сахна саңлағы Сәбит Оразбай бџл кiтабына қазақ театры мен кино өнерi тарландарының сахна сыртындағы әзiл-оспағын, театрдан тыс тiршiлiгiн, қарапайым өмiрдегi әртүрлi қызық оқиғаларын және өнер жайындағы өз ой-толғамын арқау етедi. Автордың
бџл әңгiмелерi жылдар бойына «Алматы ақшамына» үздiксiз жарияланып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген.

Бөлісу: