Серпер сезім
19.01.2038
6551
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ақпарат құралдары саласындағы Елбасы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, белгілі ақын, көрнекті журналист ӨТЕГЕН ОРАЛБАЙҰЛЫНЫҢ бұл жинағында ұлтымыздың зиялы қауымының атақты да белді өкілдері, мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлері туралы жүрекжарды сезіммен, інілік ізетпен, ақындық жүрекпен, азаматтық тілекпен жазылған естеліктер мен эсселер, сұқбаттар мен сырласулар, толғаныстар мен толғаулар топтастырылған. Ағымдағы ақпарат беттерінде жарияланып, оқырмандардан әрдайым оң бағасын алған бұл материалдарда халқымыздың бойындағы игі де ізгі қасиеттер, озық салт-дәстүрлер мен ел болашағын тереңнен ойлап, әріден қозғаған ойлар мен пікірлер, толғаныстар мен аманаттар жүрдек қалам, жарқын ниеттің нәтижесінде жарасымын тауып жазылып, ашық пейілмен алдарыңызға жайылады.
Бөлісу: