Таңбалар тілі
19.01.2038
10084
Көрнекті қазақ жазушысы Олжас Сүлейменов талай жылдардан бері лингвистикалық зерттеулермен айналысып, біртұтас мәдени және тарихи кеңістікте ғұмыр кешкен түрлі халықтардың тілдеріндегі өзара байланыстарды іздеумен келеді. Осынау елдердің мәдени туыстығын дәлелдеуге деген ұмтылыс оның «Аз и Я» кітабында, сондай-ақ «Тарихқа дейінгі түркілер» және «Түйіскен параллельдер» деп аталатын еңбектерінде көрінген еді. Бұдан біршама уақыт бұрын орыс тілінде жарық көрген «Таңбалар тілі» кітабы лингвист-ғалымдардың ғана емес, қатардағы оқырмандардың да зор қызығушылығын туғызды.
Аталған кітаптың ана тіліміздегі нұсқасы қазақтілді аудитория арасында лайықты қабылданып, Олжас Сүлейменов шығармашылығы оқырмандарымен құрметтеушілері ауқымын кеңейте түсетіні анық.
Бөлісу: