Армандастар

19.01.2038 6841
Бұл кітап – өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында әдебиетке алаулатып, жалаулатып келген жас қаламгерлердің көркем шығармаларының жинағы. Олар бүгінде өмірдің әр саласында абырой-лы қызмет етіп жүр. Араларында жас ғұмырында жарқ етіп көрініп, бұл дүниеден тым ертерек кетіп қалған таланттар да бар. Қазақ журна-листикасына екпіні тау жығардай болып қатты келген, қазіргі күні қай салада жүрсе де, қолдарынан қаламы мен қағазы түспеген бұл толқынның бір ерекшелігі – қай тақырыпта қалам тербесе де, шығар-малары шынайылығымен, өткірлігімен, өзектілігімен оқырман жүрегін баурап алады.
Жинаққа топтастырылған барлық туындылардың басын қосқанда, негізгі айтар ойы, ағар арнасы, құяр сағасы біреу-ақ. Ол – адамгершілік, ар-ождан, мейірім мен шапағат, иман мен инабат мәселелері.
Қаншама қадірін асырып, майын тамыза мақтағанмен, кез келген нәрсенің одан бағасы аспандап, артып кетпейтіндігі белгілі. «Мың рет естігеннен – бір рет көрген артық». Ендеше, тоқсаныншы жылдардың жүрек лүпілін өз құлағыңызбен тыңдап, өз көзіңізбен оқып, өз жүрегіңіз-ден өткізіп көріңіз, мәртебелі Оқырман!

Бөлісу: