Жарық

19.01.2038 5370
"Сөздік-Словарь" баспасы


Бұл жинақ ақынның соңғы жылдары, әсіресе Хақты, хақиқатты тануға бар ынты-шынтысымен ден қойған тұстарындағы өз көзі жеткен шындықтың санаға ұрылған сәулелері дерлік. Мұнда ақын оқырманын жалғаннан шынды айыруға, илаһи тазалыққа, «адам қайдан келді, қайда келді, қайда барадыға» ерекше назар аудартады. Әрі Адам баласын жалғанға малданып мәңгі опық жеп қалмауға, амал дүниесі болып табылатын бұ дүниеде о дүниесі үшін де қызмет етіп, мүмкіндігінше шындыққа қарманып қалуға, екі әлемін тең ойлауға жетелейді.

Бөлісу: